Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 89 · қабылданған 16.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65633/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 89 ·16.04.2012
20.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 89 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
89
Қабылданған күні
16.04.2012
Көрсетілген редакция
20.03.2013 65633_190033.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZL000122
ЭКБ идентификаторы
65633
Редакция идентификаторы
65633_190033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:28

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаменті Теректі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Селолық округ әкімдері азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. М. Сабировқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Кожангалиев А. И.
13.04.2012 ж.
"Теректі аудандық ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Өтемісов Р. А.
13.04.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Теректі
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Сагинов Д. С.
13.04.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Теректі
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Утешев М. А.
13.04.2012 ж.

Қолданыстағы