Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 963 · қабылданған 26.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65693/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 963 ·26.04.2012
03.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 963 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
963
Қабылданған күні
26.04.2012
Көрсетілген редакция
03.01.2013 AI65693_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VK000153
ЭКБ идентификаторы
65693
Редакция идентификаторы
AI65693_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:22

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды

мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай – ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Ауылдық округ әкiмдерiне шақыруға жататын азаматтарды хабардар ету және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.

5 5. «Зайсан ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры (Ж.Б. Тлеуберлин): ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) қосымша тексерілу үшін жатып емделетін, емдеу-сауықтыру мекемелерінде бос орындарды қамтамасыз ету;

3 3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы мәліметтерді беру.

6 6. Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Ж. Жүрсімбаев) ұсынылсын:

1 1) шақыру медициналық комиссиясының жұмысы кезінде тәртіпті сақтау үшін полиция жасағын бөлу;

2 2) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, тiркелуге тиiстi азаматтар туралы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге хабарлау.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.И. Тожыбаевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Зайсан аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Ж. Толыбаев
26 сәуір 2012 жыл
«Зайсан ауданының медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
Ж. Тлеуберлин
26 сәуір 2012 жыл
Зайсан аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ж. Жүрсімбаев
26 сәуір 2012 жыл

14 Шақыру комиссиясының құрамы

Зайсан ауданының әкімдігінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 963 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Тожыбаев Долдан Ибрайұлы
Зайсан аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Толыбаев Жанат Қамзаұлы
Зайсан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Тіметова Нағима Оразғалиқызы
аудандық медициналық бірлестігінің директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы(келісім бойынша)
Жангунов Асан Дайырбекұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Бегімжанова Гүлия Төлеуханқызы
аудандық медициналық бірлестігінің медбикесі, хатшы(келісім бойынша)
Аппарат басшысы
Н. Қараталов

15 Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

Зайсан ауданының әкімдігінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 963 қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

р/с
Ауылдық округ аты
Саны
Мамыр           Маусым
10
12
16
19
30
1
4
8
1
Айнабұлақ ауылдық округі
13
Х
2
Біржан ауылдық округі
18
Х
3
Дайыр ауылдық округі
21
Х
4
Қарабұлақ ауылдық округі
22
Х
5
Қаратал ауылдық округі
30
Х
6
Кеңсай ауылдық округі
12
Х
7
Сарытерек ауылдық округі
17
Х
8
Шілікті ауылдық округі
22
Х
9
Зайсан қала округі
218
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
10
Барлығы
373
50
50
50
50
50
50
50
23
Аппарат басшысы
Н. Қараталов

Қолданыстағы