Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня предприятий, организаций и учреждений, представляющих или создающих социальные рабочие места для целевых групп населения на 2012 год

Қаулы · № 89 · қабылданған 07.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65741/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении перечня предприятий, организаций и учреждений, представляющих или создающих социальные рабочие места для целевых групп населения на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 89 ·07.05.2012
15.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня предприятий, организаций и учреждений, представляющих или создающих социальные рабочие места для целевых групп населения на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 89 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня предприятий, организаций и учреждений, представляющих или создающих социальные рабочие места для целевых групп населения на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
89
Қабылданған күні
07.05.2012
Көрсетілген редакция
15.06.2012 AI65741_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12MD000135
ЭКБ идентификаторы
65741
Редакция идентификаторы
AI65741_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:18

0 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының, 7 бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысымен бекітілген “Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына” сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары (әрі қарай-әлеуметтік жұмыс орындары) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде (жұмыс беруші) ұйымдастырылсын.

2 2. Қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі бекітілсін.

3 3. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелермен келісім-шартқа отырсын.

4 4. Келісім-шартқа отырған мекемелердің басшылары, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т.Тәжібаевқа жүктелсін.

6 6. Қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қарақия аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.Е. Рысбаев
07 мамыр 2012 жыл
«Қарақия аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ә.Әбдіхалықова
07 мамыр 2012 жыл

7 Қарақия ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 07 мамыр № 89
қаулысына қосымша
2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер атаулары
Ұйым-дастырыла-тын әлеу-мет  тік жұмыс орынының саны
Бір адамға төленетін еңбек-ақы мөлше рі (ең төмен гі еңбек-ақының 1,0 мөлше рі)
Әлеуметтік жұмыс түрлері
Жұмыстың ай бойынша ұзақтығы
Қаржы-ланды-ру көзде-рі
1
«Турмыс - Сервис» МКК
35
17439
Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары; хабарлама қағаздарын тарату мен жеткізу жұмыстарын жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
2
«Сенек» ЖШС
40
17439
Бие сауу, қымыз дайындау, киіз басу, мал жемдеу, кәсіпорын маңайының тазалық жұмыстарына көмектесу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
3
«АқтауТрансСервис» ЖШС
35
17439
Тазалық және көгалдандыру, көгалдандырылған аймақты малдардан қорғау, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
4
«Мұнайшы- Сервис» МКК
20
17439
Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары; хабарлама қағаздарын тарату мен жеткізу жұмыстарын жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
5
«Балауса» бала-бақшасы МКҚК
15
17439
Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
Айгөлек» бала-бақшасы МКҚК
20
17439
Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
«Ғарыш  кер» бала-бақ шасы МКҚК
20
17439
Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.
12 айға дейін
Жергі-лікті бюджет
Барлығы:
185

Қолданыстағы