Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидии и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидии и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2012 AI65746_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NE000148
- ЭКБ идентификаторы
- 65746
- Редакция идентификаторы
- AI65746_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылдың 10 маусымына дейін белгіленсін.
2 2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулыныңқосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Нүрғалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Әкімдіктің
2012 жылғы 10 мамырдағы
№ 111 қаулысына
қосымша
2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Себу мерзімдері
1
Дәнді (күздік
дақылдардан басқа)
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
2
Бұршақтұқымдас
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
3
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамырға
дейін
4
Жемшөптік (өткен
жылдарындағы көпжылдық
шөптерінен басқа)
30 сәуірден 15 шілдеге
дейін
5
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
15 мамырдан 31 мамырға
дейін
6
Бірінші, екінші және
үшінші өсіру
жылдарындағы
бұршақтұқымдас
көпжылдық шөптер
20 сәуірден 1 тамызға
дейін
7
Күздік дәнді дақылдар
15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін
8
Көкөніс және бақша
дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға
дейін
9
Картоп
10 мамырдан 31 мамырға
дейін