Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 11.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2012 AI65777_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NF000151
- ЭКБ идентификаторы
- 65777
- Редакция идентификаторы
- AI65777_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 2012 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылдың 5 сәуірінен бастап 31 мамырына дейін деп айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қ. Таукеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 5 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ Е. Ещанов
5 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Әкімдіктің
2012 жылғы "11" мамырдағы
№ 99 қаулысына
қосымша
2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Себу мерзімдері
1
Жаздық бидай
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
2
Арпа
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
3
Бұршақтұқымдастар
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
4
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамыр
аралығы
5
Картоп
10 мамырдан 31 мамыр
аралығы
6
Көкөніс және бақша
дақылдары
25 сәуірден 10 маусым
аралығы