Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 21.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2012 AI65778_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NG000160
- ЭКБ идентификаторы
- 65778
- Редакция идентификаторы
- AI65778_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:13
0 2012 жылға арналған субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2012 жылғы 1 маусымға дейін белгіленсін.
2 2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылық бөлімі" ММ бастығы
_______________ А.С. Нұғыманов
4 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Әкімдіктің
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 149 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы
Себу мерзімдері
1
Дәнді (күздік дақылдардан
басқа)
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
2
Бұршақтұқымдас
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
3
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамырға
дейін
4
Жемшөптік (өткен жылдарындағы
көпжылдық шөптерінен басқа)
30 сәуірден 15 шілдеге
дейін
5
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
15 мамырдан 31 мамырға
дейін
6
Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер
20 сәуірден 1 тамызға
дейін
7
Күздік дәнді дақылдар
15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін
8
Көкөніс және бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға
дейін
9
Картоп
10 мамырдан 31 мамырға
дейін