Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылғы бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42-V
- Қабылданған күні
- 08.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2013 65807_160254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TH000225
- ЭКБ идентификаторы
- 65807
- Редакция идентификаторы
- 65807_160254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:17
0 2012 жылғы бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тарамағының 15) тармақшасына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 422-бабына сәйкес және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 671 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 235-ХХV "2010 жылға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтарында № 4-8-180 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2010 жылдың 11 ақпанында № 7 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Жүгінісов) жүктелсін.
Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы Ш. Сағынғалиев
8 мамыр 2012 ж.
5 Аудандық Мәслихаттың
2012 жылғы 8 мамырдағы № 42-V
"2012 жылға бірыңғай тіркелген
салық ставкаларын белгілеу
туралы" шешіміне қосымша
2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
айына
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
жылына
1
2
3
4
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
6
72
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
9
108
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
24
4
Ойын жолы
30
360
5
Карт
12
144
6
Бильярд үстелі
20
240