Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 249
- Қабылданған күні
- 28.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2012 65859_132563.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12N0003809
- ЭКБ идентификаторы
- 65859
- Редакция идентификаторы
- 65859_132563
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:09
0 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 206 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3761 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 мамырда "Костанайские новости" газетінде жарияланған).
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасы" ММ бастығы
_______________ Қ. Ғабдулин
4 Әкімдіктің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 249 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін
жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май
материалдарының және басқа да тауар-материалдық
құндылықтардың құнын арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі
1 гектарға арналған
көктемгі егіс және егін
жинау жұмыстарын жүргізу
үшін қажетті жанар-жағар
май материалдарының және
басқа да тауар-материалдық
құндылықтардың құнын
арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары,
теңге
1.
Жазғы бидай
Күздік бидай
Күздік қара бидай
400 (базалық норма бойынша)
600 (көтеріңкі норма
бойынша)
2.
Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық
500 (базалық норма бойынша)
600 (көтеріңкі норма
бойынша)
3.
Бұршақ тұқымдастар
600 (базалық норма бойынша)
4.
Майлы дақылдар
3800 (базалық норма
бойынша)
5.
Картоп
28500 (базалық норма
бойынша)
50000 (көтеріңкі норма
бойынша)
6.
Көкөнiс-бақша дақылдары
30000 (базалық норма
бойынша)
60000 (көтеріңкі норма
бойынша)
7.
Жемшөптік, оның ішінде
бірінші, екінші және үшінші
өсу жылдарындағы бұршақ
тұқымдас көпжылдық шөптер
800 (базалық норма бойынша)
8.
Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін егілген
көпжылдық шөптер
800 (базалық норма бойынша)
9.
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
800 (базалық норма бойынша)