Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Т. Рыскуловскому району

Қаулы · № 197 · қабылданған 18.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65906/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Т. Рыскуловскому району Қолданыста Қаулы ·№ 197 ·18.05.2012
18.05.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Т. Рыскуловскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 197 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Т. Рыскуловскому району
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында Т.Рысқұлов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197
Қабылданған күні
18.05.2012
Қолданысқа енгізілген күні
20.06.2012
Көрсетілген редакция
18.05.2012 AI65906_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GH000138
ЭКБ идентификаторы
65906
Редакция идентификаторы
AI65906_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:13

0 2012 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында Т.Рысқұлов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 - бабына, «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгiленген мерзiмдерiн өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Қарсыбаев Ахтан - Т.Рысқұлов ауданы әкімінің
Ахатұлы орынбасары, комиссия төрағасы;
Ердосов Күмісбек - «Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
Жарылқасынұлы қорғаныс стері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
(келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Сегізбаев Болат - «Жамбыл облысы Ішкі істер
Тұрмаханұлы департаментінің Т.Рысқұлов аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары,
(келісім бойынша).
Күрішбекова Бақтыгүл - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
Мырзағалиқызы сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігерінің
орынбасары, дәрігерлік комиссияның
төрайымы, (келісім бойынша).
Сүйінбаева Айнагүл - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
Орынтайқызы сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы, (келісім бойынша).

3 3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Т.Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қарсыбаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы