Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных

Қаулы · № 729 · қабылданған 01.06.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65923/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных Қолданыста Қаулы ·№ 729 ·01.06.2012
01.06.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных

Қолданыста Қаулы ·№ 729 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
729
Қабылданған күні
01.06.2012
Көрсетілген редакция
01.06.2012 AI65923_0.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000729
ЭКБ идентификаторы
65923
Редакция идентификаторы
AI65923_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:07

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы малдарын аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

3 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 1 мамырдағы
№ 729 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 090 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнiң ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн анықтайды.

2 2. Ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi

2 2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды:

1 1) ауыл шаруашылығы малдарына (мүйізді ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді;

2 2) ауыл шаруашылығы малдарын (мүйізді ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын);

3 3) ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат;

4 4) малдардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыруды көздейді.

3

3. Қандай да бiр облыс, Астана және Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен игерiлмеген қаражатты 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде одан әрi пайдалану мәселесiн қарайды.

4

4. Министрлiк республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударады.

5

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi ауыл шаруашылығы малдарына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерiн (бұдан әрi – қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған аппаратты, малдардың жеке нөмiрлерiн салыстырып оқуға арналған сканердi, өзi желiмделетiн штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтердi (бұдан әрi – тауар) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.

6

6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалары, жануардың жеке нөмiрi, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде (бұдан әрi – Бiрдейлендiру ережесi) көрсетiлген талаптарға, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиiс.
Жапсырмалардың бiрдейлендiру нөмiрлерiнiң реттiк нөмiрленуiн анықтауды ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тауарларды жеткiзушiлермен шарттар жасалғанға дейiн жүзеге асырады.

7 7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасасады, олар өзге де талаптармен қоса:

1 1) жеткiзiлетiн тауардың сапасына бақылау жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн;

2 2) жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтердiң сапасына жеткiзiп берушiлердiң жауапкершiлiгiн;

3 3) жеткiзушiлердiң сапасыз тауарларды ауыстыру мерзiмдерiн көздеуге тиiс.

8

8. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарында кемiнде 3 (үш) адамнан тұратын Сатып алынатын тауарлардың және көрсетiлген қызметтердiң сандық-сапалық жай-күйін бағалау жөнiндегi комиссиялар құрылады, оның құрамына Министрлiктiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстағы (Астана, Алматы қаласындағы) аумақтық инспекциясының өкiлi енгiзiледі.

9 9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.

Комиссия жеткiзiлген тауарларды және көрсетiлген қызметтердi бағалауды олардың көрсетiлуi мен жеткiзiлуiне қарай жүзеге асырып, кейiннен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актiсiн жасайды.

10

10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн Ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тауарларды бөлудi жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiруді жүргiзу Бiрдейлендiру ережесiнесәйкес жүзеге асырылады.

11 11. Тауарларды жеткiзушiлер 2012 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына ақы төлеудiң алдындағы мынадай құжаттарды:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткiзiлген тауарларды және көрсетiлген қызметтердi бағалау актiлерiн;

2 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткiзiлген тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн ұсынады.

12

12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей осы Қағидаларының 11-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тексередi, олар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда ақы төлеуге жiбередi.

13 13. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары үш жұмыс күнi iшiнде сәйкес келмеу себептерiн сипаттай отырып, оларды тауарларды жеткiзушiлерге пысықтауға қайтарады.

14

14. Тауарларды жеткiзiгені үшiн тиiстi тауарларды жеткiзушiлердiң банктiк шоттарына қаржылай қаражат аударуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.

15

15. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлiкке ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2012 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, ал қаражат толығымен игерiлмеген жағдайда себебi көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептердi ұсынады.

16

16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Министрлiкке жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы қорытынды есептi ұсынады.

1 Сатып алынатын тауарларға сипаттама

Облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне ауыл шаруашылығы
малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру
және жүргiзуге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарларға сипаттама
Р/с №
Та­у­ар­дың ата­уы
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы (си­па­ты)
1
2
3
1.
Түй­е­лер­ге ар­нал­ған құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры
Құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры және олар­да­ғы жа­ну­ар­дың же­ке нө­мiрi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiн­де көр­сетiл­ген iрi жа­ну­ар­лар­ға (iрi қа­ра мал, түйе) ар­нал­ған та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы тиiс.
2.
Ұсақ мал­ға, шош­қа­ға ар­нал­ған құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры
Құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры және олар­да­ғы жа­ну­ар­дың же­ке нө­мiрi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiн­де көр­сетiл­ген ұсақ жа­ну­ар­лар­ға (ұсақ мал, шош­қа) ар­нал­ған та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы тиiс.
3.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тар
1. Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы тиiс.
2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың мөл­шер­лерi мы­на­дай бо­луы тиiс: ұзынды­ғы 20±1 см, биiк­тi­гi 15±1 см. Мұ­қа­ба­сы: тығ­ы­зды­ғы – 280, жы­л­тыр, тү­стiлi­гi 4+0. Iш­кi па­рақ­та­ры: ксе­рокс қа­ға­зы, тү­стiлi­гi 1+1, оф­сет­тiк бас­па. Бiрiн­шi бетi, яғ­ни бет­кi жа­ғы­ның ор­та­сын­да мем­ле­кет­тiк тiл­де «Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт» және орыс тiлiн­де «Ве­те­ри­нар­ный пас­порт» де­ген ата­уы, тө­мен­гi сол жа­ғын­да мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де «_______ аудан/рай­он (қа­ла/го­род) және ___________ об­лыс/об­ласть» көр­сетiлуi тиiс.
Екiн­шi бет Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң 4-қо­сым­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де­гi жал­пы мәлi­мет­тер­ден тұ­ра­ды.
Үшiн­шi және ке­лесi бет­тер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де кесте түрiн­де ба­ған­дар­ға бөлiн­ген.
Бар­лы­ғы 20-бет­тен кем бол­мауы тиiс.
4.
Жа­ну­ар­лар­ға бiр­дей­лен­дi­ру жүр­гiзу­ге ар­нал­ған ап­па­рат (таң­ба)
Жа­ну­ар­лар­ды бiр­дей­лен­дiру­ге ар­нал­ған ап­па­рат (таң­ба) жыл­қы­лар­ды ыстық және суық таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық­тар­дан тұ­ра­ды:
1. Жыл­қы­лар­ды суық­тай таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық мы­на­лар­дан тұ­ра­ды: цифр­лар мен әрiп­тер­ге ар­нал­ған мат­ри­ца; ке­мiн­де 70 см жы­лу өт­кiз­бей­тiн тұт­қа­сы бар мат­ри­ца­ға бекiтiлетiн тұт­қа; цифр­лық сим­вол­дар жиын­тығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiп­тiк сим­вол­дар жиын­тығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифр­лар мен әрiп­тер­дiң мөл­шер­лерi стан­дарт­ты. Жа­са­у­шы за­уыт­тың таң­ба­сы­на кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ның тех­ни­ка­лық бөлi­гi, тех­ни­ка­лық си­па­ты қо­са бе­ріл­сін.
2. Жыл­қы­лар­ды ыстық­тай таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық мы­на­дай цифр­лық сим­вол­дар­дан тұ­ра­ды: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiп­тiк сим­вол­дар К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z. Ере­сек жа­ну­ар­лар­ға ар­нал­ған таң­ба­ның кө­ле­мi: биiк­тi­гi 8 см, енi 5 см; төл­дер үшiн: биiк­тi­гi 5 см, енi 3 см. Ыстық таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған таң­ба енi 18-30 мм, қа­лыңды­ғы 3 мм бетi те­гiс жал­пақ те­мiр­ден дай­ын­да­ла­ды. Тұ­тқа­ның ұзынды­ғы ке­мiн­де 70 см, жы­лу өт­кiз­бей­тiн тұт­қа­сы бар.

2 Жеткізілген тауаларды, көрсетiлген қызметтердi бағалау актiсi

Облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне ауыл шаруашылығы
малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру
және жүргiзуге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Жеткізілген тауаларды, көрсетiлген қызметтердi бағалау актiсi
__________________________                    20 ж. «__» ___________
      (облыс, қала)
__________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссия кiмнiң шешiмiмен құрылды, шешiмнiң күнi және нөмiрi
көрсетiлсiн)
құрамында: Комиссия төрағасы,_______________________________________
                                (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелерi, _________________________________________________
                                (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
сондай-ақ 20 ж. «__» _______ № ____________________ сенiмхатқа сәйкес
______________________________________ мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi
(қызметтер көрсетушiнiң толық атауы)
__________________________________________ мынадай қорытынды жасады:
            (Т.А.Ә.)
Та­у­ар­дың/ қыз­мет­тер­дің то­лық ата­уы
Та­у­ар­дың/ қыз­мет­тің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Өл­шем бiр­лi­гi
Жет­кі­зі­л­ген та­у­ар­дың/ көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі
Бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы (тең­ге)
Со­ма­сы (тең­ге)
Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
___________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Жеткізілген тауарларға наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз).
___________________________________________________________________
Комиссия төрағасы _________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелерi _________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Қызметтер көрсетушiден _________________________
(Т.А.Ә., қолы)

3 Жеткізілген тауарлардың/көрсетілген қызметтердің актісі

Облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне ауыл шаруашылығы
малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру
және жүргiзуге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
Жеткізілген тауарлардың/көрсетілген қызметтердің актісі
__________________________ 20 ж. «__» ____________
(облыс, қала)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________
(мекеме атауы)
атынан 20____ ж. «______» ___________ бұйрығы негізінде әрекет ететін
_______________________________________ және бұдан әрі «Тауарлар
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
жеткізуші» деп аталатын атынан ______________________________________
(тауарларды, қызметтер көрсетушінің толық атауы)
20 ж. «__» ______ № _______ Жарғы (сенiмхат) негiзiнде әрекет ететiн
_________________________ 20 ж.«____» ______ көрсетiлген қызметтердi
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
бағалау актiсiне сәйкес төмендегi туралы осы Актiнi жасады. Тауарларды/ қызметтерді жеткізуші өзі және Тапсырыс берушінің арасында жасалған 20 ж.«____» _________ № _________________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтердi көрсеттi:
Та­у­ар­дың/ қыз­мет­тер­дің то­лық ата­уы
Та­у­ар­дың/ қыз­мет­тің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Өл­шем бiр­лi­гi
Жет­кі­зі­л­ген та­у­ар­дың/ көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі
Бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы (тең­ге)
Со­ма­сы (тең­ге)
Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
__________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Жеткізілген тауарларға/көрсетілген қызметтерге наразылык жоқ
(наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) _________________________
1. Алынған тауарлардың/көрсетілген қызметтердің жалпы құны________
2. Аванс сомасы _________________________
3. Бұрын актiленген сомасы ______________
4. Төленуі тиіс _________________________
Тапсырыс берушi үшiн Өнім беруші/қызметтер көрсетушi үшiн
____________________________ ___________________________
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
____________________________ ___________________________
(қолы, мөртаңбасы) (қолы, мөртаңбасы)

Қолданыстағы