О предоставлении мер социальной поддержки специалистам социальной сферы и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аксуского региона в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам социальной сферы и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аксуского региона в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33/5
- Қабылданған күні
- 24.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2013 AI66082_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PB000201
- ЭКБ идентификаторы
- 66082
- Редакция идентификаторы
- AI66082_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:11
0 2012 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағы 4) тармақшасына, 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.