Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 388
- Қабылданған күні
- 07.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2012 AI66209_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NJ000188
- ЭКБ идентификаторы
- 66209
- Редакция идентификаторы
- AI66209_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:06
0 2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылғы 10 маусымға дейін - субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері белгіленсін.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
3 3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 20 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Н. Кушербаев
5 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 388 әкімдік қаулысына
қосымша
2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
Оңтайлы себу мерзімдері
1
Жаздық бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
2
Бұршақтұқымдастар
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
3
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамыр
аралығы
4
Жемшөптік, оның ішінде
бірінші, екінші және үшінші
өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер
20 сәуірден 1 тамыз
аралығы
5
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
15 мамырдан 31 мамыр
аралығы
6
Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін егілген
көпжылдық шөптер
20 сәуірден 1 тамыз
аралығы
7
Күздік бидай және қара
бидай
15 тамыздан 1 қыркүйек
аралығы
8
Көкөніс-бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусым
аралығы
9
Картоп
10 мамырдан 31 мамыр
аралығы