Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2012 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам

Қаулы · № 918 · қабылданған 05.07.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-66509/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2012 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам Қолданыста Қаулы ·№ 918 ·05.07.2012
08.05.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2012 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам

Қолданыста Қаулы ·№ 918 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2012 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам
Атауы (қаз.)
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
918
Қабылданған күні
05.07.2012
Көрсетілген редакция
08.05.2013 AI66509_4.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000918
ЭКБ идентификаторы
66509
Редакция идентификаторы
AI66509_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:51

0 Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) "Қазақстан – Қытай" газ құбырының "С" желісін салу" жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "Азия газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2 2) "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының желілік бөлігін салу" жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

3 3) "Жаңажол газ өңдеу зауытының" екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "СНПС – Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы) бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 5 шіл­де­де­гі
№ 918 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар
Р/с

Жо­ба­ның ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та (адам)
Бар­лы­ғы
оның ішін­де:
бі­рін­ші
са­нат
екін­ші са­нат
үшін­ші са­нат
төр­тін­ші са­нат
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
"Қа­зақ­стан – Қы­тай" газ құ­бы­ры­ның "С" же­лі­сін са­лу
"Азия Газ құ­бы­ры" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Ал­ма­ты қ., Ал­ма­ты, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан, Жам­был об­лы­ста­ры
2012 - 2015 жж.
1142
17
228
897
0
2
"Бей­неу – Бо­зой – Шым­кент" газ құ­бы­ры­ның же­лі­лік бө­лі­гін са­лу
"Бей­неу – Шым­кент Газ құ­бы­ры" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Ал­ма­ты қ., Ақ­тө­бе, Қы­зы­лор­да, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан, Маң­ғы­стау об­лы­ста­ры
2012 - 2015 жж.
502
9
79
414
0
3
"Жа­ңа­жол газ өң­деу за­уы­ты­ның" екін­ші және үшін­ші ке­зе­гін са­лу
"СН­ПС – Ақ­тө­бе­мұ­най­газ" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
Ақ­тө­бе об­лы­сы
2012 - 2015 жж.
224
9
45
170
0

0 "Қазақстан – Қытай" газ құбырының "С" желісін салу" жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "Азия газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 5 шіл­де­де­гі
№ 918 қа­улы­сы­на
бе­кі­ті­л­ген
"Қазақстан – Қытай" газ құбырының "С" желісін салу" жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "Азия газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мынаны қамтуға тиіс:

1

1) еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауларын көрсетумен тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) бұрын қызметкер өзінде жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуды куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді немесе салыстыру үшін түпнұсқаны бірге ұсынумен шарт көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастарды сақтау кезінде жүзеге асырылады:

1

1) газ құбырының "С" желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Азия газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – "Азия газ құбыры" ЖШС) бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;

2

2) газ құбырының "С" желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Азия газ құбыры" ЖШС-тағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;

3

3) газ құбырының "С" желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Азия газ құбыры" ЖШС-тағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;

4

4) газ құбырының "С" желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Азия газ құбыры" ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.

3 3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

0 "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының желілік бөлігін салу" жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 5 шіл­де­де­гі
№ 918 қа­улы­сы­на
бе­кі­ті­л­ген
"Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының желілік бөлігін салу" жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мынаны қамтуға тиіс:

1

1) еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауларын көрсетумен тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) бұрын қызметкер өзінде жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуды куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді немесе салыстыру үшін түпнұсқаны бірге ұсынумен шарт көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастарды сақтау кезінде жүзеге асырылады:

1

1) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" ЖШС) бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;

2

2) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" ЖШС-тағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 60 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;

3

3) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" ЖШС-тағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;

4

4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.

3 3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

0 "Жаңажол газ өңдеу зауытының" екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "СНПС "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы)

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 5 шіл­де­де­гі
№ 918 қа­улы­сы­на
бе­кі­ті­л­ген
"Жаңажол газ өңдеу зауытының" екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – "СНПС "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мынаны қамтуға тиіс:

1

1) еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауларын көрсетумен тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) бұрын қызметкер өзінде жұмыс істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуды куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді немесе салыстыру үшін түпнұсқаны бірге ұсынумен шарт көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастарды сақтау кезінде жүзеге асырылады:

1 1) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;

2 2) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 65 %-нан кем болмауы тиіс;

3 3) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;

4 4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 82 %-нан кем болмауы тиіс.

Қолданыстағы