Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 94 · қабылданған 29.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-66518/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 94 ·29.05.2012
25.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 94 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
94
Қабылданған күні
29.05.2012
Көрсетілген редакция
25.02.2013 66518_158518.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TE000165
ЭКБ идентификаторы
66518
Редакция идентификаторы
66518_158518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:09

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ Қарулы Күштерін жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. № 1 қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

3 3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не және Миялы селолық округі әкімі апаратына Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілерді № 2 қосымшаға сәйкес бөлу тапсырылсын.

4

4. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 136 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 11 тамызында № 4-5-150 болып тіркеліп, аудандық "Қызылқоға" газетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 34 санында жарияланған) күші жойылсын.

5 5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

Келісілді:
Аудандық орталық аурухана
бас дәрігері:                                    С. Тайшыбай
28 мамыр 2012 жыл
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы:                     М. Ізмағанбетов
28 мамыр 2012 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:                               І. Хамзин
28 мамыр 2012 жыл

7 Аудан әкімдігінің 2012 жылғы

29 мамырдағы № 94 қаулысымен
бекітілген № 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлы
- аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы;
Измағамбетов Марат Сағиұлы
- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Бисенова Айгүл Өтебалықызы
- аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Жазықбаев Арман Аманжолұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Хамзина Нұрзила Тұрланқызы
- аудандық аурухана медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

8 Аудан әкімдігінің 2012 жылғы

28 мамырдағы № 94 қаулысымен
бекітілген № 2 қосымша
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны
р/с
Мекеменің аты
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер саны
1
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
сәуір-маусым қазан-желтоқсан
4
2
Миялы селолық округі әкімінің аппараты
сәуір-маусым қазан-желтоқсан
4

Қолданыстағы