Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1420
- Қабылданған күні
- 02.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2012 67145_132734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NA000196
- ЭКБ идентификаторы
- 67145
- Редакция идентификаторы
- 67145_132734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:52
0 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді беру мерзімдері 2012 жылғы 11 мамырдан 11 маусымға дейін болып белгіленсін.
2 2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 11 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндеттерін атқарушы
__________________ М. Мурзин
5 Қостанай қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 2 шілдедегі № 1420
қаулысына қосымша
2012 жылға арналған субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы
Себу мерзімдері
1
Жаздық бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары,
бұршақтұқымдастар
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
2
Шабындық жерлерді шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық шөптер
20 сәуірден 31 мамырға
дейін және 5 шілдеден
1 тамызға дейін
3
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамырға
дейін
4
Жемшөптік, бірінші, екінші
және үшінші өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер
20 сәуірден 15 шілдеге
дейін және 5 шілдеден
1 тамызға дейін
5
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
15 мамырдан 31 мамырға
дейін
6
Күздік бидай және қара бидай
15 тамыздан
1 қыркүйекке дейін
7
Көкөніс және бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға
дейін
8
Картоп
10 мамырдан 31 мамырға
дейін