О проведении призыва граждан мужского пола на срочную воинскую службу в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении призыва граждан мужского пола на срочную воинскую службу в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы ер азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1170
- Қабылданған күні
- 11.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2013 AI67820_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VC002674
- ЭКБ идентификаторы
- 67820
- Редакция идентификаторы
- AI67820_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:22
0 2012 жылы ер азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабы 3 тармағына, 28 бабы 1, 3 тармағына, 30 және 31 баптарына, «Әскери қызметінің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Әскери қызметінің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 «Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Наиль Амирович Рахимовқа мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамасының құзыреті аясында әскери қызметке шақыруға байланысты іс шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
«Курчатов қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Рахимов
2012 жылғы 11 қыркүйек