Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оқтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 07.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2012 AI68073_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NT003846
- ЭКБ идентификаторы
- 68073
- Редакция идентификаторы
- AI68073_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:23
0 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
оқтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12–тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми–зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қорытындысы негізінде, жылдың қалыптасқан ауа райы–климаттық жағдайын ескере отырып, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсынудың мерзімдері анықталсын:
1 1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық–материалдық құндылықтардың, оның ішінде 2 сәуірден 18 мамырға дейін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын арзандатуға;
2 2) 2 сәуірден 28 желтоқсанға дейін тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға.
2 2. Қосымшаға сәйкес 2012 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін:
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
7 2012 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 271 қаулысына қосымша
2012 жылы субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының оңтайлы
себу мерзімдері
№
р/с
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Оңтайлы
себу мерзімдері
1
Жаздық бидай
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
2
Күздік бидай, күздік
қара бидай
15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін
3
Сұлы, арпа, тары,
қарақұмық
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
4
Бұршақ тұқымдас дақылдар
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
5
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамырға
дейін
6
Картоп
10 мамырдан 31 мамырға
дейін
7
Көкөніс бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға
дейін
8
Жемшөптік, оның ішінде
бірінші, екінші және
үшінші өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас көп
жылдық шөптер
бірінші мерзім - 20
сәуірден 31 мамырға дейін,
екінші мерзім – 5 шілдеден
1 тамызға дейін
9
Шабындық жайылымдарды
шалғындандыру үшiн
егiлген көп жылдық
шөптер
бірінші мерзім - 20
сәуірден 31 мамырға дейін,
екінші мерзім 5 шілдеден 1
тамызға дейін
10
Жүгері және сүрлемдік
күнбағыс
15 мамырдан 5 маусымға
дейін