Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 214 · қабылданған 27.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-68085/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 214 ·27.09.2012
18.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 214 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
214
Қабылданған күні
27.09.2012
Көрсетілген редакция
18.01.2013 68085_191885.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZE003095
ЭКБ идентификаторы
68085
Редакция идентификаторы
68085_191885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:15

0 2012 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Жаңақала ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Атауовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Жаңақала
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынының
директоры
_____________С. С. Уразгалиев
27.09.2012 ж.
"Жаңақала ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. А. Жубанышкалиев
27.09.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Жаңақала ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________М. У. Мырзагалиев
27.09.2012 ж.

Қолданыстағы