Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 471 · қабылданған 02.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-68147/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 471 ·02.10.2012
21.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 471 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
471
Қабылданған күні
02.10.2012
Қолданысқа енгізілген күні
04.11.2012
Көрсетілген редакция
21.08.2015 68147_251663.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GC001830
ЭКБ идентификаторы
68147
Редакция идентификаторы
68147_251663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:14

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Найманова Үміткен Қапанқызы
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
Абдуллаев Ермек Бекпенбетович
«Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары (келісімі бойынша);
Комиссия мүшелері:
Төребеков Талғат Дүйсебайұлы
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Құрманәлі Бекболат Тұрғынұлы
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Түлкібаева Ғалия Марксқызы
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

3 3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Найманова Үміткен Қапанқызына жүктелсін.

2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________Е. Абдуллаев
02.10.2012 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
________________________А. Сауруков
02.10.2012 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Жамбыл аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________Т. Татенов
02.10.2012 жыл

Қолданыстағы