Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылғы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-14
- Қабылданған күні
- 05.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2013 68199_157205.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TB002637
- ЭКБ идентификаторы
- 68199
- Редакция идентификаторы
- 68199_157205
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:12
0 2012 жылғы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезекті VI сессиясы ШЕШIМ ЕТЕДI:
1 1. Әлеуметтiк көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
1 1) жалғыз басты мүгедектер;
2 2) кәмелет жасқа толмаған тұл жетiмдер;
3 3) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiнде ақылы түрде оқитын тұл жетiм студенттер;
4 4)жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар;
5 5) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6 6) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң есебiнде тұрған жұмыссыз азаматтар;
7 7) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң сол кезде есебiнде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтiн тұлғалар;
8 8) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бiр айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғалар;
9 9) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардың күндiзгi бөлiмдерiнде ақылы түрде оқитын студенттер;
10 10) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардан 1 жасқа дейiнгi жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғалар;
11 11) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерiлуге жiберiлген тұлғалар.
2 2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтiк сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
4 4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
16 Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 5 қазандағы
№ 6-14 шешіміне қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тiзбесi