Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Урджарского района на 2012 год

Қаулы · № 409 · қабылданған 12.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-68300/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Урджарского района на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 409 ·12.10.2012
31.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Урджарского района на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 409 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Урджарского района на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға арналған Үржар ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
409
Қабылданған күні
12.10.2012
Көрсетілген редакция
31.01.2013 AI68300_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VR002711
ЭКБ идентификаторы
68300
Редакция идентификаторы
AI68300_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:10

0 2012 жылға арналған Үржар ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабын, 7 бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылға арналған Үржар ауданы тұрғындарының келесі нысаналы топтары анықталсын:

табысы аз адамдар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;
«Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
отбасында бірде-бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
50 жастан асқан әйелдер;
жазғы демалыста жүрген студенттер;
адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар, есірткіге тәуелді тұлғалар.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтқановқа жүктелсін.

3 3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы