Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 316
- Қабылданған күні
- 22.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2012 68326_152512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12T0002643
- ЭКБ идентификаторы
- 68326
- Редакция идентификаторы
- 68326_152512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:07
0 2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 4) тармақшасына, 66 тармағына сәйкес сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері мен субсидиялардың нормалары:
1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
2 2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
2012 жылғы 22 қазан
7 Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазандағы
№ 316 қаулысына 1 қосымша
2012 жылға субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№ р/с
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
1
Аммиак селитрасы (N-34,4 %)
тонна
50
28 900
2
Жай суперфосфат (Р2О5-19 %)
тонна
50
24 500
3
Аммофос (N-10%; Р2О5-46%)
тонна
50
45 000
4
Хлорлы калий (К2О-42,2; КCL-65%)
тонна
50
30 000
5
Күкірт қышқылды калий, тазартылған (калий сульфаты) (К2О -53%)
тонна
50
72 500
8 Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазандағы
№ 316 қаулысына 2 қосымша
2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары
№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы
Бір өлшем бірлігіне субсидиялардың нормалары, теңге
1
Нитроаммофоска (N-15%; Р2О5-15%; К2О-15%)
тонна
50-ге дейін
46 500
2
Калий нитраты (N-13,5%; К-46,2%)
тонна
20-ға дейін
103 620
3
Монокалий фосфат (Р2О5-52%; К2О-34%)
тонна
20-ға дейін
101 736
4
Кальций нитраты
(N-15,5%)
тонна
20-ға дейін
47 410
5
Магний нитраты
(N-11%)
тонна
20-ға дейін
48 042