О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельской местности на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельской местности на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылы әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-52
- Қабылданған күні
- 17.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2013 68383_190829.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DL002162
- ЭКБ идентификаторы
- 68383
- Редакция идентификаторы
- 68383_190829
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:08
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылы әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. Қаратал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы N 57-260 "Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылы әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қарашадағы 2-12-182 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 2 желтоқсандағы аудандық "Қаратал" газетінің 50 (7157) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қаратал ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Серік Жапарұлы Амандосов
2012 жыл 17 қазан