Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год, утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям

Қаулы · № 386 · қабылданған 22.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-13-2012-no-45-19-2001-no-836-23-2001/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год, утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям Қолданыста Қаулы ·№ 386 ·22.04.2013
01.01.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год, утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям

Қолданыста Қаулы ·№ 386 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год, утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям
Атауы (қаз.)
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу, басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
386
Қабылданған күні
22.04.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2017 72216_218566.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000386
ЭКБ идентификаторы
72216
Редакция идентификаторы
72216_218566
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:14

0

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу, басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) «№ 3 станциялық энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау» жобасын (өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;

2 2) «Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары және цемент) өндірісі» жобасын (өтініш беруші – «Геополимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілсін.

3

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 386 қаулысымен
бекітілген
«№ 3 станциялық энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2
кеңейту және реконструкциялау» жобасын (өтініш беруші -
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

15 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 386 қаулысымен
бекітілген
«Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары
және цемент) өндірісі» жобасын (өтініш беруші - «Геополимер»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген Тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

23 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 386 қаулысына
қосымша
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға
арналған квота
Р/с

Жобаның атауы
Өтініш беруші
Іске асыру орны
Іске асыру мерзімі
Квота (адам)
1
2
3
4
5
6
1
«№ 3 станциялық энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
2009 - 2015 ж.ж.
919
2
Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары және цемент) өндірісі
«Геополимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қарағанды облысы, Саран қаласы
2010 - 2013 ж.ж.
40

Қолданыстағы