Құжат мәтініне өту

О начале 2013-2014 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях

Бұйрық · № 198 · қабылданған 27.05.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-2014-ekb-73138/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О начале 2013-2014 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях Қолданыста Бұйрық ·№ 198 ·27.05.2013
27.05.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О начале 2013-2014 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях

Қолданыста Бұйрық ·№ 198 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О начале 2013-2014 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях
Атауы (қаз.)
Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
198
Қабылданған күні
27.05.2013
Көрсетілген редакция
27.05.2013 AI73138_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008519
ЭКБ идентификаторы
73138
Редакция идентификаторы
AI73138_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:02

0 Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталу мерзімі 2013 жылғы 2 қыркүйек болып белгіленсін.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында – 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар:
1) 1-11 (12) – сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2013 жылғы 30 желтоқсан – 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2014 жылғы 20-31 наурызды қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2013 жылғы 28 желтоқсан – 2014 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2014 жылғы 20 наурыз - 3 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2014 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

2 2. 2013 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында салтанатты жиын өткізілсін.

3 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы