О размещении государственного образовательного заказа на обучение лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан и иностранных граждан на подготовительных отделениях высших учебных заведений на 2013-2014 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного образовательного заказа на обучение лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан и иностранных граждан на подготовительных отделениях высших учебных заведений на 2013-2014 учебный год
- Атауы (қаз.)
- 2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 16.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2013 AI74444_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008714
- ЭКБ идентификаторы
- 74444
- Редакция идентификаторы
- AI74444_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:29
0 2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылсын.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3 3. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тындаушыларының контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
9 2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2013 жылғы 16 тамыздағы
№ 345 бұйрығына қосымша
2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
№
Жоғары оқу орнының атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырмасының көлемі (орын)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдары
1
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
100
2
Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
200
3
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
140
4
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивеситеті
140
5
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
70
6
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
150
7
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
250
8
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
50
9
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
150
10
Сырдария Унивеситеті
150
Барлығы
1400
Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары
11
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
180
Тәжікстан Республикасының азаматтары
12
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
100
Қытай Халық Республикасының азаматтары
13
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
100
Түрік Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары
14
Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
200