Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013-2014 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013-2014 годы
- Атауы (қаз.)
- 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 20.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2014 77544_224615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UF002533
- ЭКБ идентификаторы
- 77544
- Редакция идентификаторы
- 77544_224615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:06
0 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазығұрт ауданы бойынша 2013–2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғ.А.Төлеповке жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылдың 1 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4 Қазығұрт ауданы бойынша 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 17 қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы бойынша 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
N
Дақылдар түрi
Оңтайлы мерзiмдерi
Ескерту
басталуы
аяқталуы
1.
Күздiк бидай
10.10.2013
30.11.2013
Тәлімі және суармалы жер, жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып
15.10.2013
30.11.2013
2.
Жаздық бидай
30.02.2014
10.04.2014
Тәлімі жер
3.
Дәндік және сүрлемдік жүгері
10.04.2014
05.05.2014
Суармалы жер
4.
Жоңышқа
05.03.2014
10.04.2014
Тәлімі және суармалы жер
5.
Мақсары
05.03.2014
15.04.2014
Тәлімі жер