Об определении условий бюджетного кредитования при финансировании проектов на 2013 год в рамках второго направления Программы занятости 2020
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий бюджетного кредитования при финансировании проектов на 2013 год в рамках второго направления Программы занятости 2020
- Атауы (қаз.)
- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2013 жылы жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредит беру шарттарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119/4
- Қабылданған күні
- 11.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2013 72211_186881.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13P0003519
- ЭКБ идентификаторы
- 72211
- Редакция идентификаторы
- 72211_186881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:18
0 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2013 жылы жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредит беру шарттарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 543-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы "Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы" № 112 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына, Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған XI сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы "2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 116/11 шешіміне сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бюджеттік кредиттерді берудің 2013 жылға арналған мынадай шарттары белгіленсін:
беру мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру;
кредит мөлшері – 742 285,0 мың теңге;
кредит валютасы – теңге;
кредитті игеру кезеңі кредитор шотынан кредитті аудар сәтінен бастап есептелінеді және 2017 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады;
кредит беру мерзімі – 5 жыл;
уәкілетті өңірлік ұйымдар үшін бюджет пайдасына аударылуға жататын кредиттер ретінде бюджет қаражатын бергені үшін сыйақы мөлшерлемесі, уәкілетті өңірлік ұйыммен микроқаржы ұйымына ұсынылатын кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі, сондай-ақ Бағдарламаның қатысушыларына кредит бойынша ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес белгіленеді.