Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2013 году

Қаулы · № 1790 · қабылданған 12.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-69438/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2013 году Қолданыста Қаулы ·№ 1790 ·12.12.2012
12.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2013 году

Қолданыста Қаулы ·№ 1790 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1790
Қабылданған күні
12.12.2012
Көрсетілген редакция
12.12.2012 69438_136043.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NB003947
ЭКБ идентификаторы
69438
Редакция идентификаторы
69438_136043
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:29

0 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағылар 2013 жылы халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);

15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

16 16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;

17 17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

18 18) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, егер оларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы