О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уйгурского района на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уйгурского района на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12-2
- Қабылданған күні
- 05.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2013 AI69526_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DS002249
- ЭКБ идентификаторы
- 69526
- Редакция идентификаторы
- AI69526_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:37
0 2013 жылы Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие беру ұсынылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұйғыр ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекеменің бастығы
Исмаилов Мирзалим Муталимович
05 желтоқсан 201 жыл