Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Усть-Каменогорска, на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Усть-Каменогорска, на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4707
- Қабылданған күні
- 20.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2014 69565_183576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VA002790
- ЭКБ идентификаторы
- 69565
- Редакция идентификаторы
- 69565_183576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:22
0 2013 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14), 14-1) 14-3)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;
15 15) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
16 16) 50 жастан асқан әйелдер;
17 17) 55 жастан асқан ерлер;
18 18) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары.
2
2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.