Об определении целевых групп населения по Шемонаихинскому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения по Шемонаихинскому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 831
- Қабылданған күні
- 10.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2014 69956_157139.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VS002819
- ЭКБ идентификаторы
- 69956
- Редакция идентификаторы
- 69956_157139
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:32
0 2013 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасы негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1 1.
2013 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың мынадай нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастырылуы және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін адамдар;
14 14) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
15 15) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
16 16) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар;
17 17) жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылар мен студенттер;
18 18) 50 жастан асқан адамдар;
19 19) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;
20 20) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсынан өткен адамдар;
21 21) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар.
2 2.
«Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Бабаева Г.Н.) мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3 3.
Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары О.А. Булавкинаға жүктелсін.
4 4.
Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.