Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Уланского района на 2013 год

Қаулы · № 495 · қабылданған 11.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70051/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Уланского района на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 495 ·11.12.2012
13.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Уланского района на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 495 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Уланского района на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
495
Қабылданған күні
11.12.2012
Көрсетілген редакция
13.12.2013 AI70051_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VQ002812
ЭКБ идентификаторы
70051
Редакция идентификаторы
AI70051_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:31

0 2013 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға Ұлан ауданы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;

2 2) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

3 3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

5 5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

6 6) мүгедектер;

7 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

8 8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

9 9) оралмандар;

10 10) табысы аз адамдар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) 50 жастан асқан әйелдер;

14 14) 55 жастан асқан ерлер;

15 15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

2 2. «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:

1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1 1) 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 835 «2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5–17–160 тіркеліп, 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 7 аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);

2

2) 2012 жылғы 19 қазандағы № 415 «2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 835 «2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы» әкімдіктің қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2717 тіркеліп, 2012 жылғы 23 қарашадағы № 92 аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланған).

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы