Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2013 году

Қаулы · № 396 · қабылданған 27.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70076/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2013 году Қолданыста Қаулы ·№ 396 ·27.12.2012
27.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2013 году

Қолданыста Қаулы ·№ 396 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
396
Қабылданған күні
27.12.2012
Көрсетілген редакция
27.12.2012 70076_162335.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NO003983
ЭКБ идентификаторы
70076
Редакция идентификаторы
70076_162335
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:07

0 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі айдан көп);

15 15) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарын бітірушілер;

16 16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;

17 17) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

18 18) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар.

2 2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. А. Әбдіхалықовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының
жұмыспен қамту
және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ В. Гребенюк

Қолданыстағы