Об установлении размеров ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размеров ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/94
- Қабылданған күні
- 14.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2016 70148_157408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KM002114
- ЭКБ идентификаторы
- 70148
- Редакция идентификаторы
- 70148_157408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:26
0 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының 2013 жылға арналған мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарқаралы ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р. Мүкеева
14 желтоқсан 2012 жыл
3 Қарқаралы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
N 12/94 шешіміне
қосымша
Қарқаралы ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері
Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Айына тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіштер)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
7
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
3