Құжат мәтініне өту

Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2013 году

Қаулы · № 1254 · қабылданған 19.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70221/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2013 году Күшін жойған Қаулы ·№ 1254 ·19.12.2012
13.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2013 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 1254 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1254
Қабылданған күні
19.12.2012
Көрсетілген редакция
13.03.2014 AI70221_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VC002826
ЭКБ идентификаторы
70221
Редакция идентификаторы
AI70221_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:25

0 2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер көрсету және қолдау көрсету жүйесін кеңейту мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2013 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі бекітілсін (1-қосымша).

2 2. Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі белгіленсін (2-қосымша).

3

3. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысшылардың жеке санаттарына (мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, 18 жасқа толмаған тұлғаларға) еңбек еткен уақытына тепе-тең төлеммен жарты күн жұмыс істеу мүмкіндігін беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың ыңғайлы нысаналарын қолдану ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2013 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі

Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1254 қаулысына 1 қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2013 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі

Жұмыс берушінің атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Орындалатын жұмыстардың көлемі
Жұмыс орындарының саны
Қаржыландыру көздері мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері
бюджет
Жұмыс беруші
1
2
3
4
5
6
7
1
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
аумақты тазалау, аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру)
25-30 құжат
50-100 ш.м.
15
Курчатов қаласы бюджеті
-
2
«Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволарына қарасты мемлекеттік мекемелер:
«№ 1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі,
«№ 3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі,
«Мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі,
Курчатов қаласы әкімдігінің «Журавушка» бала-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,
«Балалар мен жасөспірімдердің «Горизонт» клубы
Жөндеу жұмыстары, аумақты тазалау;
корреспонденцияларды жеткізу, мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек;
балаларға психологиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу;
мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуде көмек көрсету
10 тонна қалдық
860 м. куб. қар
20-25 құжат
12 іс-шаралар
10
Курчатов қаласы бюджеті
3
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
әлеуметтік көмек алушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеруде көмек;
әлеуметтік көмек алушылардың мәлімет базасын түзуде көмек; жұмыстарын жоғалтқан азаматтарға психологиялық көмек көрсету
500 құжат
300 іс
5 адам
5
Курчатов қаласы бюджеті
4
«Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық жұмыстарды түгендеуде көмек;
аумақты тазалауда тұрғын-үй коммуналдық ұйымдарға көмек;
экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру
20-25 құжат
12 іс-шаралар
жылына 2 рет
20
Курчатов қаласы бюджеті
5
«Курчатов қаласының ауыл шаруашылық, ветеринария и жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
дәнді және көкөніс өсіру бойынша қысқа маусымдық жұмыстар
15-20 құжат
150 м.кв.
100 көшет
8
Курчатов қаласы бюджеті
6
«Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат
2
Курчатов қаласы бюджеті
7
Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық соты
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, қадағалау өндірісін тігу, корреспонденцияларды жеткізу
15-20 құжат
6
Курчатов қаласы бюджеті
8
Курчатов қаласының прокуратурасы
(келісім бойынша)
Қадағалау өндірісін тігуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттар мен жұмыс
15-20 құжат
3
Курчатов қаласы бюджеті
9
«ҚР ҚМ СК Шығыс Қазақстан облысы СД Курчатов қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Салықтық хабарламаларды тіркеуге көмек көрсету, сақтау мерзімі бойынша жойылуға жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтық істерін дайындау бойынша мұрағат жұмысында көмек көрсету, корреспонденцияларды жеткізу;
жергілікті салық есебін жүргізу үшін аулаларды аралауға қатысу
20-25 құжат
5 үй
3
Курчатов қаласы бюджеті
10
Курчатов қалалық жәрдемақы мен зейнетақы төлеу бөлімшесі
(келісім бойынша)
Материалдарды тігіуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттарымен жұмыс
20-25 құжат
1
Курчатов қаласы бюджеті
11
«Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; аумақты тазалау
20-25 құжат
50-100 ш.м.
4
Курчатов қаласы бюджеті
12
«Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Курчатов қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу;
консъерж жұмысы
15-20 құжат
2-5 адам
6
Курчатов қаласы бюджеті
13
ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Курчатов қалалық қылмыстық-атқару инспекциясы
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу;
түсіндірме хатпен, анықтама дайындауда, шақыру қағазын жазуға көмек
5-10 құжат
5 анықтама
1
Курчатов қаласы бюджеті
14
«Шығыс Қазақстан облысының статистика Департаменті Курчатов қаласының статистика баскармасы» ММ
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденциялар жеткізу
5-10 құжат
2
Курчатов қаласы бюджеті
15
«Курчатов қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі
Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарға көмек; газет-журналдарды тігу, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 адам
5-10 құжат
1
Курчатов қаласы бюджеті
16
«Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат
2
Курчатов қаласы бюджеті
17
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қорғаныс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Шақыру қағаздарын тарату,
шақырушылардың жеке істерін рәсімдеуде көмек
5 шақыру қағазы
5-10 құжат
2
Курчатов қаласы бюджеті
18
«Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қала көшелері мен жолдарын ұстау бойынша жұмыстар;
2 км.
15
Курчатов қаласы бюджеті
2,5 мың теңге
19
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қаласы көп салалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Аумақты абаттандыру бойынша жұмыс;
корреспонденцияларды және хабарламаларды жеткізу
10 іс-шаралар
5-10 құжат
8
Курчатов қаласы бюджеті
3,0 мың тенге
20
Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазналық кәсіпорыны
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат
2
Курчатов қаласы бюджеті
21
«Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат
3
Курчатов қаласы бюджеті
22
«Қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Аумақты тазалау
50-100 ш.м.
8
Курчатов қаласы бюджеті
23
Курчатов қаласы «Достық үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Мәдени-шаралар қызметін ұйымдастыруға қатысу
5-10 іс-шаралар
4
Курчатов қаласы бюджеті
24
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Департаментінің «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(келісім бойынша)
Көгалдандыру және абаттандыру;
аумақты тазалау
10 көшет
50-100 ш.м.
3
Курчатов қаласы бюджеті
25
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының «Атомдық энергия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны
(келісім бойынша)
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар
100-150 ш.м.
3
Курчатов қаласы бюджеті
5,0 мын. тенге
26
Қазақстан Республикасы Әділет басқармасы сот актілерін орындау бойынша Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің сот актілерін орындау бойынша Курчатовтық аумақтық бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
10-15 құжат
3
Курчатов қаласы бюджеті
Барлығы:
140
Ескерту: 2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуге қала бюджетінде көзделген қаражаттар шегіне байланысты қатысушылар саны, қатысу мерзімі және ұйымдар тізімдері сұраныстар мен ұсыныстарға сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Аталған тізімде ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала кәсіпорындарында, ұйымдармен мекемелеріндегі нақты жағдайлар: жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күн, демалыс күндері екі күн, жұмыс күні - сегіз сағаттық, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалық, арнайы киіммен, құралдармен қамтамасыз етеді. Еңбекке ақы төлеу нақты атқарылған кезеңге, жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген орындалған жұмыстардың сапасына, санына және күрделілігіне байланысты жұмыссыздардың дербес шотына аудару тәртібімен жүргізіледі; жарақаттану немесе денсаулыққа зиян келтіру бойынша шығынды өтеу, зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Жұмысшылардың жеке санаттарына (мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға) еңбек еткен уақыты, осы санаттағы еңбек ерекшеліктерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшы арасында бекітілген жеке еңбек шартында қарастырылады.

7 Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі

Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1254 қаулысына 2 қосымша
Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі

1 1. Тұрмысы төмен азаматтар;

2 2. 21 жасқа дейінгі жастар;

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалармен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты көп балалы ата–аналар;

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді,көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғасы бар азаматтар;

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуыға екі жыл қалғандар);

7 7. Мүгедектер;

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босаған тұлғалар;

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босаған тұлғалар;

10 10. Оралмандар;

11 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12. Жұмыс беруші-занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;

13 13. Қылмыстық-атқару инспекциясының сынамалау қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.

14 14. Өндірістің ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты, соның ішінде жұмыс көлемі қайта ұйымдастырылған және (немесе) қысқартылған кезде толық емес жұмыс тәртібінде жұмыспен қамтылған;

15 15. 50 жастан асқан әйелдер;

16 16. 55 жастан асқан ерлер;

17 17. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);

18 18. Есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар.

Қолданыстағы