О назначении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Успенского района на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О назначении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Успенского района на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған Успен ауданының ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 56/11
- Қабылданған күні
- 20.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2014 70295_181294.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PL003360
- ЭКБ идентификаторы
- 70295
- Редакция идентификаторы
- 70295_181294
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:20
0 2013 жылға арналған Успен ауданының ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Успен ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде, жылына бір рет қамтамасыз етілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының норма талаптарына қатаң сәйкес "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы шешімнің 1 тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
3 3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек қаржыландыру 2013 жылға арналған аудан бюджеті аясында жүзеге асырылады.
4
4. Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 тамыздағы (V сайланған VIІІ сессиясы) "Ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 40/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3219 тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйегіндегі "Апта айнасы" № 36, "Сельские будни" № 36 газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.