Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2013 год

Қаулы · № 1617 · қабылданған 24.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70334/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1617 ·24.12.2012
31.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1617 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1617
Қабылданған күні
24.12.2012
Көрсетілген редакция
31.12.2013 70334_183430.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VL002840
ЭКБ идентификаторы
70334
Редакция идентификаторы
70334_183430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:13

0 2013 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы

Еңбек нарығындағы жағдайдың және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз ету есебімен жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының келесі мақсатты топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

14 14) 50 жастан асқан тұлғалар;

15 15) мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;

16 16) АИТВ-инфицированды, есірткіге құмар азаматтар;

17 17) жазғы каникул уақытындағы студенттер мен мектеп оқушылары;

18 18) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

19 19) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

20 20) басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының қатысушылары.

2 2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) халықтың мақсатты тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын;

2 2) халықтың мақсатты тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал етуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданының әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы