Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2013 году

Өзге акт · № 11/5 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70352/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2013 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/5 ·20.12.2012
25.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2013 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/5 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/5
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
25.08.2015 AI70352_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SN002081
ЭКБ идентификаторы
70352
Редакция идентификаторы
AI70352_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:22

0 2013 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілігін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:

1 1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;

2 2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Шал ақын ауданының
ауылшаруашылығы және
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А. Пашковский
2012 жылғы 20 желтоқсан
"Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Е. Андреева
2012 жылғы 20 желтоқсан

Қолданыстағы