О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Габита Мусрепова в 2013 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Габита Мусрепова в 2013 году
- Атауы (қаз.)
- Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-3
- Қабылданған күні
- 20.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2014 70442_157733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SE002097
- ЭКБ идентификаторы
- 70442
- Редакция идентификаторы
- 70442_157733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:22
0
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТI:
1
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі мәлімдеген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып ұсыну:
1 1) өтініш беру уақытында жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - өтініш беру уақытында бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2 2. Осы шешімнің 1 тармағының әрекеті ветеринария аумағының қызметін қамтамасыз ететін ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына арналады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
И. Ақтаев
20 желтоқсан 2012 жыл
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
М. Баймолдина
20 желтоқсан 2012 жыл