Об определении целевых групп населения города Риддер на 2013 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ 828
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения города Риддер на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға Риддер қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 828
- Қабылданған күні
- 27.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2014 AI70484_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VD002835
- ЭКБ идентификаторы
- 70484
- Редакция идентификаторы
- AI70484_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:09
0 2013 жылға Риддер қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға Риддер қаласы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4 4) кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлiк жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11).жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;
14 14) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
15 15) 50 жастан асқан азаматтар;
16 16) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер.
17 17) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
2
2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Риддер қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.