Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2013 год

Қаулы · № 8 · қабылданған 22.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70494/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·22.01.2013
28.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
22.01.2013
Көрсетілген редакция
28.12.2013 70494_185813.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13ND003997
ЭКБ идентификаторы
70494
Редакция идентификаторы
70494_185813
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:56

0 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;

3 3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;

12 12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15 15) "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар жатады.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары А. А. Ташпановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы