О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2013 году и организация Молодежной практики
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2013 году и организация Молодежной практики
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар және Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/1
- Қабылданған күні
- 08.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2014 70557_183121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PL003389
- ЭКБ идентификаторы
- 70557
- Редакция идентификаторы
- 70557_183121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:00
0 2013 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар және Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 5-7)тармақшасына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2 2. Уақытша жұмыс орындарын ашу және ұсыну арқылы Жастар практикасы ұйымдастырылсын.
3 3. Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 1) келісім шарт бойынша жұмыс берушілермен (келісім бойынша) халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
2
2) келісім шарт бойынша жұмыс берушілермен (келісім бойынша) орта кәсіптік және жоғары білімі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасында тіркелген жұмыссыздарға Жастар практикасын ұйымдастырсын.
4 4. Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын аудандық бюджетінен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырумен қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюповаға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тізбесі
Успен ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 8 қаңтар № 30/1
қаулысына қосымша
Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы
топтарына жататын қосымша тізбесі