Об определении целевых групп на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған нысаналы топтарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 628
- Қабылданған күні
- 29.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2014 AI70627_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VI002866
- ЭКБ идентификаторы
- 70627
- Редакция идентификаторы
- AI70627_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:04
0 2013 жылға арналған нысаналы топтарды анықтау туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылға келесі нысаналы топтар белгіленсін:
аз қамтылғандар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қырық бес және одан үлкен жастағылар;
есірткіге тәуелділер;
ВЖА – жұқтырған азаматтар;
мектеп және кәсіби оқу орындарының түлектері;
жалғыз басты тұратын адамдар;
ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан артық);
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар;
мамандықтары жоқ, жұмыс іздеп жүрген тұлғалар.