Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в 2013 году

Қаулы · № 7 · қабылданған 10.01.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70698/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации общественных работ в 2013 году Қолданыста Қаулы ·№ 7 ·10.01.2013
01.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в 2013 году

Қолданыста Қаулы ·№ 7 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
10.01.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2014 AI70698_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13UF002218
ЭКБ идентификаторы
70698
Редакция идентификаторы
AI70698_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:59

0 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.

2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 10 қаңтардағы
№ 7 қаулысымен бекітілген
2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi
қ/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрлері
Адам саны
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Қаржыландыру көздерi
1
«Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жігірген ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қызылқия ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Тұрбат ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарапхана ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарбұлақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауылдық округтердiң әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
200
6000 үй
аудандық бюджет
2
«Ынтымақ» селолық тұтыну кооперативі, «Ынталы» селолық тұтыну кооперативі, «Қазығұрт» селолық тұтыну кооперативі, «Қызыл-Дихан» селолық тұтыну кооперативі, «Шарбұлақ» селолық тұтыну кооперативі, «Шанақ» селолық тұтыну кооперативі
қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету аумақты абаттандыру және көгалдандыру
80
248000 шаршы метр
аудандық бюджет
3
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» республикалық мемлекеттiк мекемесі
азаматтарды шақыруды ұйымдастыруға көмек көрсету (шақыру қағазын тарату)
10
3500 дана
аудандық бюджет
4
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер Департаменті» мемлекеттiк мекемесі
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)
30
1300 іс-құжат
аудандық бюджет
5
«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі
жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтiм көрсету, үй аралау
15
86 жалғызілікті қарттар, 82 мүгедек балалар
аудандық бюджет
6
«Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету
10
5250 іс-құжат 50000 шаршы метр
аудандық бюджет
7
«Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
5
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
8
«Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қазығұрт аудандық «Жас қанат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
мәдени-көпшiлiк шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткiзуге көмек көрсету
5
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
9
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Қазығұрт ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттiк мекемесі
жерге, көлiкке, мүлiкке салық төлеу жөнiндегi түбiртектердi, хабарламаларды жазу және жеткiзу
10
3000 хабарлама
аудандық бюджет
10
«Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі
қоғамдық пiкiр сұрастыру, республикалық, аймақтық қоғамдық компанияларға көмек көрсету
5
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
11
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
5
1300 іс-құжат
аудандық бюджет
12
«Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
5
1300 іс-құжат
аудандық бюджет
13
«Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі,
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
10
3500 іс-құжат
аудандық бюджет
14
Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
демалыс және мәдениет орталық паркiнiң аумағын жинау; абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету
25
100000 шаршы метр 70000 шаршы метр
аудандық бюджет
15
Қазығұрт аудандық шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
су жүйелерінің ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, су төлемдерін жинауға көмектесу
10
3000 метр 1500 үй
аудандық бюджет
16
«Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі
мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу, аула клубтарының жұмыстарын жүргiзу
5
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
17
«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
мәдени-көпшiлiк шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткiзуге көмек көрсету
5
13 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
18
«Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі
кiтап қорын тексеруге көмек көрсету
5
11700 дана
аудандық бюджет
19
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазығұрт ауданының Әдiлет басқармасы» мемлекеттiк мекемесі
мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша iздеу салу
5
600 іс-құжат, 800 үй, 200 сұраным
аудандық бюджет
20
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі»
шақыру қағаздарын жеткiзу, мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру iстерiн қалыптастыру
5
1500 дана,
500 іс-құжат
аудандық бюджет
21
«Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу
5
1300 іс-құжат,
аудандық бюджет
22
«Қазығұрт ауданының мұрағаты» мемлекеттiк мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
5
4000 іс-құжат
аудандық бюджет
23
«Қазығұрт тынысы» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу
5
500 іс-құжат
аудандық бюджет
24
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
5
3000 іс-құжат
аудандық бюджет
25
«Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағат құжаттары мен тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу
5
1200 іс-құжат
аудандық бюджет
26
«Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
5
2500 дана
аудандық бюджет
27
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазығұрт филиалы
мұрағат құжаттары мен тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу
10
1700 іс-құжат
аудандық бюджет
28
«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі Өгем филиалы
абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету
5
70000 шаршы метр
аудандық бюджет
29
«Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу
5
1500 іс-құжат
аудандық бюджет
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы