Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2013 году

Қаулы · № 03/02 · қабылданған 17.01.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70897/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2013 году Қолданыста Қаулы ·№ 03/02 ·17.01.2013
17.01.2013 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2013 году

Қолданыста Қаулы ·№ 03/02 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
03/02
Қабылданған күні
17.01.2013
Көрсетілген редакция
17.01.2013 70897_157422.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KI002158
ЭКБ идентификаторы
70897
Редакция идентификаторы
70897_157422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:57

0 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар;

6 6) зейнеталды жастағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады;

14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15 15) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін адамдар;

16 16) қырық бес жастан асқан адамдар.

2 2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

3

3. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 2/01 "2012 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-127 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 ақпандағы N 8 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы