Об организации общественных работ на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 28.01.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2013 70919_195865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GA001888
- ЭКБ идентификаторы
- 70919
- Редакция идентификаторы
- 70919_195865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:53
0 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 3 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
5 Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Тараз қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 62 қаулысына қосымша
Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Көлемі мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру (теңге)
2013 жыл
сұраныс
ұсыныс
1
Тараз қаласы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша
37 320 жергілікті бюджет
338
275
2
Тараз қаласы «Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша
37 320 жергілікті бюджет
15
10
Барлығы
353
285