Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2013 год

Қаулы · № 41 · қабылданған 31.01.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70920/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 41 ·31.01.2013
31.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 41 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
41
Қабылданған күні
31.01.2013
Қолданысқа енгізілген күні
05.03.2013
Көрсетілген редакция
31.01.2013 70920_213845.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13GF001889
ЭКБ идентификаторы
70920
Редакция идентификаторы
70920_213845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:49

0 2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін Меркі ауданы аумағындағы мекемелердің тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды каржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.

3

3. "Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Ш.Әбілқасымов) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға бағытталуын қамтамасыз етсін, аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.

4 4. "Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Қасабеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыруды және қоғамдық жұмыстарға бағытталған қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.

5 5. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін және оларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Б.Рысқұлбековке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығы"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшісінің бастығы
Е.Ахтамбердиев
31.01.2013 ж.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жамбыл облысы
Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
31.01.2013 ж.
"Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысы
Әділет департаменті Меркі ауданының әділет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.К.Сатылғанов
31.01.2013 ж.
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің
Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Меркі ауданы
бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш.Б.Бегасылов
31.01.2013 ж.
"Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Меркі аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін
атқарушы
М.М.Ережепов
31.01.2013 ж.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Жамбыл
облысының Төтенше жағдайлар департаменті Меркі ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р.А Курбанов
31.01.2013 ж.

8 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Меркі ауданы аумағындағы мекемелердің тізбесі

Меркі ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 41 қаулысына № 1 қосымша
2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Меркі ауданы аумағындағы мекемелердің тізбесі
1. "Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. "Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. "Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. "Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. "Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. "Меркі ауданы Ақарал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. "Меркі ауданы Ақтоган ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8 "Меркі ауданы Аспара ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. "Меркі ауданы Ақермен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. "Меркі ауданы Рыскұлов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. "Меркі ауданы Жаңатоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. "Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. "Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. "Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16 "Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. "Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18 "Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекетті мекемесі;
19 "Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20 "Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. "Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22. "Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысы Әділет департаменті Меркі ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
25. "Қазакстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Меркі ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
26. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшесі;
27.Меркі ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
29. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

9 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Меркі ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 31 қаңтардағы
41 қаулысына № 2 қосымша
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлері
Нақты жұмыс жағдайлары
Көлемі
Қаржы көздері
Сұраныс
Ұсыныс
1
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
1. Арық тазалауға жәрдемдесу
2. Қоқыс шығаруға жәрдемдесу
3. Бағаналарды сырлауға жәрдемдесу
4. Аялдамаларды сырлап, әктеуге жәрдемдесу
5. Гүл егу және гүлзарларды күтуге жәрдемдесу
6.Тал егуге жәрдемдесу
7.Талдардың түбін әктеп ретке келтіруге жәрдемдесу
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті бюджет
110
110
2
Аудандық және аумақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
1.Сауалнама жүргізуге жәрдемдесу
2.Санақ жұмыстарына жәрдемдесу
3.Әскерге шақыру комиссиясына көмек көрсету
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті бюджет
40
40
Барлығы
150
150

Қолданыстағы