Об организации общественных работ на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 25.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2014 AI70925_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UH002229
- ЭКБ идентификаторы
- 70925
- Редакция идентификаторы
- AI70925_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:53
0 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 Ордабасы ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен бекітілген
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
Р/с
Ұйымдардың атауы
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Қаржыландыру көздері
1
«Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
22
Әлеуметтiк жәрдемақыларға құжаттарды ресiмдеуге көмектесу -1400 іс, мұрағат құжаттарын өндеуге көмектесу – 550 іс, құжаттарды тiгу – 1000 іс,
Аудандық бюджет
2
«Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
100
Көшелердi және аумақтарды қоқыстардан тазалау, автокөлікке арту - 144000 шаршы метр
Аудандық бюджет
3
«Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
5
Салынатын және күрделі, ағымды жөндеуден өтетін нысандардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу – 35 нысан
Аудандық бюджет
4
«Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
90
Елді мекендерде қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу – 59 елді мекен
Аудандық бюджет
5
«Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
36
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 100 бет, факс жіберу – 110 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 250 хат.
Аудандық бюджет
6
«Бадам ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
30
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
7
«Қараспан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
30
14 елді мекен аймақтарын көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
8
«Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
25
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
9
«Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
30
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
10
«Бөржар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
24
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 35000 шаршы метр
Аудандық бюджет
11
«Шұбар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
24
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 35000 шаршы метр
Аудандық бюджет
12
«Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
24
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр
Аудандық бюджет
13
«Жеңіс ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
21
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр
Аудандық бюджет
14
«Бөген ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
24
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр
Аудандық бюджет
15
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнің Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық филиалы
5
Құжаттарды дайындауға көмектесу – 300 іс, азаматтардан түскен арыз және үндеулер бойынша курьерлiк жұмыс жасау – 200 хат
Аудандық бюджет
16
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Ордабасы ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
5
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу- 500 іс
Аудандық бюджет
17
«Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі»
5
Спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу – 50 іс-шара, ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 100 бет, мәтіндерді басу және шығару – 100 бет, хаттарды жеткізу – 120 хат.
Аудандық бюджет
Барлығы
500
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.