Об определении целевых групп населения в 2013 году
Қолданыста
Қаулы
·№ 55
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения в 2013 году
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 31.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2013 70972_213697.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NP004014
- ЭКБ идентификаторы
- 70972
- Редакция идентификаторы
- 70972_213697
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:50
0 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
16 16) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан адамдар.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
_____________________ Ш. Әбілова